Моңғолияда президент сайлауына 2 млн.-ға жуық адам қатысады
«Сайлауға дайындық толығымен аяқталды, 25 мың шенеунік сайлау кезінде жұмыс істейтін болады. Бюллетендер автоматты түрде саналады, дегенмен, олардың 50 пайызы сайлаудан кейін қолмен саналады», - деп атап өтті комитет жетекшісі. «Барлық 1983 сайлау учаскісіне камералар орнатылды, полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады», - деп қосты ол.
Оның атап өтуінше, 10-11 маусым күндері шетелде тіркелген 7,2 сайлаушының 66,8 пайызы алдын ала дауыс берді. «Дауыс қорытындысы бар конверт (алдын ала дауыс берудің) 26 маусым күні сағат 22.00-ден кейін ашылады», - деді Чойнзонгийн Содномцэрэн.
2017жылы қазіргі мемлекет басшысы, Демократиялық партияның өкілі Цахиагийн Элбэгдоржаның екінші президенттік мерзімі аяқталады. Сондықтан ол өз кандидатурасын қайта шығара алмайды.