Моңғолия профессоры павлодарлық студенттерге дәріс оқиды

None
None
БАЯН-ӨЛГЕЙ. ҚазАқпарат - Моңғолияның Қобда университетінің Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесінің ұстазы, профессор Қиналған Жылқыайдарқызы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне дәріс беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қиналған Жылқыайдарқызын Павлодар мемлекеттік университетіне кафедра меңгерушісі профессор Алтынбек Нұқұлы дәріс беруге шақыртқан.

Тәжірибелі профессор 16-27 сәуір аралығында «Қазақ-Моңғол тілдерінің салыстырмалы граматикасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша білім алып жатқан студенттерге 44 сағаттық лекция оқиды. Айта кетерлігі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық  университеті мен Қобда университетінің Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесі 2017 жылы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Аталмыш құжатта, мұғалімдер мен студенттер алмасу, бірлескен зерттеу жұмыстары және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру секілді мәселелер енген болатын.  Келесі кезекте Қазақстан Республикасының ұстаздары Баян-Өлгей аймағындағы Қобда университетінің филиалының студенттеріне дәріс оқиды.

Соңғы жаңалықтар