Моңғолия көшелерінің бірі Өскемен немесе Шығыс Қазақстан аталуы мүмкін

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының губернаторы Ғылымхан Айыпұлымен кездесті.

Тараптар білім, туризм және бизнес саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұдан өзге, Моңғолия делегациясы тарапынан Баян-Өлгей және Өскемен қаласын бауырлас-қалалар ету ұсынысы жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, хаттамалық кездесу барысында Баян-Өлгей аймағының басшысы Даниал Ахметовке өз өңірлерінің туристік әлеуеті және оның негізгі ерекшелігі - бүркітшілердің дәстүрлі халықаралық фестивалі жайында айтып берді.
null

Ғылымхан Айыпұлының айтуынша, фестивальдің жарқын да есте қаларлық көрінісі Шығыс Қазақстан тұрғындарының да қызығушылығын тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ кездесу барысында Баян-Өлгей көшелерінің бірін Өскемен немесе Шығыс Қазақстан деп атау ұсынысы жасалды.
null

«Сіздің бауырлас-қалалар жөніндегі ұсынысыңызды қолдаймын. Өскемен қаласының әкіміне барлық қажетті процедураларды даярлау үшін тапсырма беремін», - деді Даниал Ахметов.

Кездесу нәтижесінде Шығыс Қазақстан мен Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. 

null

Соңғы жаңалықтар