Моңғолия қазақтары Қазақстанның латын қарпіне көшу қадамын қолдады

None
None
БЕЙЖІҢ-ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі Ұлан-Батырда қазақ тілін латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қазақстан халқы тілдері күні аясында өткен шараға Моңғолиядағы қазақ диаспорасы, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шығармашыл зиялы қауым және белсенді қазақ жастары қатысты. Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобыландин жиналғандарға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында жүргізіліп отырған реформалар турасында әңгімеледі.
null 

Шара қатысушылары Қазақстандағы реформаларға, соның ішінде қазақ алфавитінің латын графикасына өтуіне тілектестік білдірді. Моңғолия Ғылым академиясының академигі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы алқасының мүшесі Бәкей Ағыпарұлы қазақ алфавитінің латынға көшуі Қазақстан үшін саяси маңызға ие екендігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар академик латын қарпіне өтерде қазақ әріптерінің төл ерекшеліктеріне қатысты кейбір аспектілерді егжей-тегжейлі зерттеу қажеттігін баса айтты.
null 

Моңғолияның еңбек сіңірген оқытушысы Барун Ардақ және «Ел бірлігі» қоғамдық кеңесінің атқарушы директоры Жеңісбек Қайрат латын қарпіне көшу қазақстандықтарға уақыт пен прогрессивті қоғам мүдделерінің талаптарын ескере отырып, ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалуға мүмкіндік береді деген ортақ пікір білдірді. Осы орайда Қазақстанда монғолиялық қазақ мұғалімдері үшін жаңа әліпбиді үйрету курстарын ұйымдастыру мәселелері де қозғалды.

Соңғы жаңалықтар