Моңғолия дипломаттары Нәзір Төреқұлов атындағы медальмен марапатталды

None
None
БЕЙЖІҢ-ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Ұланбатырда Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына арналған фотокөрме өтті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көрменің ашылуына Моңғолия сыртқы істер министрінің орынбасары Батмунхийн Батцэцэг, Ұлы мемлекеттік хурал депутаттары, жергілікті билік органдары, дипломатиялық корпус өкілдері мен қазақ диаспорасы, Моңғолия қоғам қайраткерлері қатысты.

Сөйлеген сөзінде Моңғолия  сыртқы істер министрінің орынбасары Батмунхийн Батцэцэг фотокөрме екі ел арасындағы достастық қатынастарды нығайту және тереңдетуге ықпал етіп, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тату көршілік бағыттың көрінісі болып табылатынын атап өтті.

Моңғолиядағы Қазақстан Елшісі Қабылбек Қобландин  бұрынғы Қазақстандағы Моңғолия елшісін елдер арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін  бірінші қазақ дипломаты - Нәзір  Төреқұлов  атындағы медалмен марапаттады.

Еске салсақ, Нәзір Төреқұлов (1893-1937) - алғашқы қазақ дипломаты, көрнекті қоғам қайраткері. Төреқұлов атындағы «Қазақстанның сыртқы саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі  - ҚР СІМ ведомстволық наградасы 2003 жылы белгіленген.

Соңғы жаңалықтар