Могерини Сирия бойынша Астана процесінің маңыздылығын айтты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Сирияның Идлиб провинциясындағы шабуыл Сириядағы атысты тоқтатуды бақылау механизмі бойынша Астана процесі аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін көрсетті. Бұл туралы ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясатының жоғарғы өкілі Федерика Могерини Сирия бойынша халықаралық донорлық конференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Астанада Ресей, Түркия, Иран атқарып жатқан міндеттің жедел қажет екендігін Идлибтағы шабуыл дәлелдей түсті. Бітімге келуді жүзеге асыру тетігі барынша салмақты болуы керек және оның күнде бұзылуын тоқтату қажет», - деді Могерини. 

Бұған дейін аталған халықаралық конференция аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Астана процесін қолдауға шақырды.

Еске сала кетейік, Брюссельде Сирия бойынша екі күндік халықаралық донорлық конференция өтті. Жиын сейсенбі басталған. «Сирия мен аймақтың болашағына демеу» форумына ЕО, аймақ елдері, БҰҰ сынды ірі донорлар мен Үкіметтік емес ұйымдарынан 70-ке жуық делегация қатысты.

Соңғы жаңалықтар