ММА: Қытайдағы қандасымыз Қуаныш Өскенбекұлы қарсыласын нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - ММА бойынша спорт шебері, Қытайдағы  қандасымыз Қуаныш Өскенбекұлы осы елде өткен аралас жекпе-жекте бесінші  жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Қандасымыз жапондық Tomomitsu Hinuma-мен айқаста қарсыласын екінші раундта сұлатып салды.

Қуаныш бірінші раунда өзінің басымдылығын көрсетіп, қарсыласы бір рет нокдаун алып қалды. Екінші раундтың 2 минутында Қуаныш қарсыласына ауыр соққы бағыттап, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.
null

20 жастағы қандасымыз қытайдың Чжэнчжоу қаласындағы кәсіби ММА клубы құрамында жаттығады, лақап аты «Optimus Prime». Бала кезінен күреспен айналысып, бірнеше мәрте грек-рим күресінен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің чемпионы атанған. Аралас жекпе-жектегі алғашқы айқасы тура бір жыл бұрын, яғни 23 шілдеде жапондық Isamu Yamaguchi-бен болған еді. Бұл күнде Қуаныш 5 кездесу өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Айта кетерлігі, Қуаныштың  келесі жекпе-жегі 22 шілдеде бразилиялық Марсело Костамен болады.

Соңғы жаңалықтар