Мири Паз: Хамро Суванов 200 мың долларға татуласуға әзір екенін айтқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматы қаласы Апелляциялық сот алқасында Лилия Рахтың ісі бойынша аппеляциялық шағым қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Бүгін сотта аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші Хамро Сувановқа сөз берілді, ол тағы да Лилия Рахқа араша түсіп, оның кінәсіздігі, оған тағар материалдық та, моральдық та айыбы жоқ екенін айтып сотқа арыз тапсырды. Сондай-ақ, жәбірленуші Мири Пазға қатысты сот үкімін қатайтуды сұрады. Бұл жолы Мири Паз да сотта сөз алды. Ол өзінің қоғамдық қорғаушысы болған туған қызы бұған дейін жәбірленуші Хамро Сувановпен және оның адвокатымен кездескенін айтты.

«Суванов қызыма менімен 200 мың доллар бергенде ғана татуласуға әзір екенін айтқан. Қызым менен «не істейміз?» деп сұрады. Мен оған Хамроны ешкім де ұрламағанын, бізде ондай қаражат жоқ екенін айттым. Осыдан кейін ол сотта мен оған 200 мың доллар қарыз деп айта бастады», - деді Мири Паз.

Бұған қатысты жауап берген Х.Сувановтың адвокаты Ермек Дерябин Мири Паздың сөзін жоққа шығарды. Оның қызымен кездеспегенін айтты. Ол жәбірленуші арызында көрсетіп отырғандай, Мири Пазға қатысты жазаны заңда талап етілгендей барынша күшейтуді сұрады.

Сонымен қатар, Мири Паздың 200 мың доллар туралы айтқанын жәбірленуші де жоққа шығарды. Хамро Суванов мемлекет қорғауында болғандықтан ешкіммен де кездеспегенін алға тартты.

Соттың келесі отырысы 25 қаңтар күні өтеді. 

Соңғы жаңалықтар