Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасында саяси консультациялар өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Минск қаласында Орнықты даму мақсатына жету жөнінде (ОДМ) БҰҰ- ның өңірлік форумына және Қазақстан мен Беларусь арасындағы сыртқы саяси ведомстволар саяси  консультацияларға қатысты. 

Бұл туралы сыртқы саяси ведомоствоның баспасөз  қызметі хабарлады.

 Еуропа және Орталық Азияның 40 елінен жоғары деңгейдегі делегациялар қатысқан Орнықты даму форумының ашылу салтанатында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Амина Мохаммед және Беларусь Премьер-Министрі Андрей Кобяков сөз сөйледі.

Өз сөзінде Ғ. Қойшыбаев Қазақстан ОДМ-ны жүзеге асырудың ең белсенді жақтаушыларының бірі болып табылатындығын, сондай-ақ адам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салаларда аса өзекті мәселелерін әмбебап тұрғыдан шешуді көздейтін «Қазақстан-2050» ұлттық стратегиясы БҰҰ басымдықтарына сәй екендігін ерекше атап өтті.
null 

Орнықты даму мәселелері Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігінің күн тәртібінде маңызды орын алады. Атап айтқанда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүше мемлекеттеріне «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты саяси үндеуінде Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму арасындағы біртұтас байланысқа ерекше көңіл бөлінген. Осы ретте Мемлекет басшысының Алматыда ОДМ-ны имплементациялау үшін жәрдемдесуге бағытталған ағымдағы жылдың соңына дейін БҰҰ хабын құру жөніндегі бастамасының іске асырылуы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшеліктің жарияланған мақсатын ілгерілетуге үлес қосады.

Саяси консультацияларға Беларусь тарапынан Сыртқы істер министрінің  бірінші орынбасары Андрей Евдоченко қатысып, екі жақты ынтымақтастықтың саяси және  экономикалық салалары бойынша перспективалары талқыланды. ЕОЭ, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ аясындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу орын алды және  халықаралық аренада екі мемлекет арасындағы, сонымен бірге халықаралық ұйымдардағы өзара  интеграциялық іс-қимыл  ынтымақтастығы атап көрсетілді.

Тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толған кезеңде  болған Президент Н. Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапарының арнайы саяси маңызы бар екені ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар