Министр Сүлейменов ИИДМ бағдарламасының нәтижелерін оң бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2016 жылғы нәтижелерін оң деп бағалауға болады.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне жетудің жоғары көрсеткіші байқалады. Осылайша нәтижелердің 4 нысаналы индикаторы және 10 көрсеткіші бойынша қол жеткізу 84,6% құрайды» - деді Сүлейменов.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылдың қорытындысында Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау деңгейі 97,6 пайызды құраған. 

«Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, 2016 жылдың қорытындысында 9,9 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын құра отырып, шамамен 343 млрд. теңге сомаға Кәсіпкерлерді қолдау картасының 130 жобасы іске қосылды. 2016 жылы пайдалануға берілген нысандар өндірген өнім көлемі 52,6 млрд. теңгені немесе өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 0,7 пайызын құрады» - деді ол.

Министрдің айтуынша, 2016 жылдың ЖІӨ өсімінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3 508 млрд. теңгені немесе  0,1 пайыздық тармақты құрады.

«Жалпы бағдарламаны іске асыруда 2016 жылға арналған нәтижелерді оң деп бағалауға болады деп санаймыз», - деді Сүлейменов.  

Соңғы жаңалықтар