Министр Мұхамедиұлы Димашты қытайлық «Грэммимен» құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Top Chinese Music Awards сыйлығын жеңіп алған Димаш Құдайбергенді құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті Димаш! Құрлықтың белді сыйлықтарының бірі Top Chinese Music Awards  жүлдесінің «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл марапат сіздің бірегей орындаушылық талантыңыздың лайықты жоғары бағасы болып табылады. Сіздің қайталанбас талабыңыз қазақ өнерін бүкіл әлемге танытты, барша қазақ халқының мақтанышына айналды. Сізге тән еңбексүйгіштік, мақсаткерлік және шынайы патриоттықтың арқасында музыкалық әлемнің талай биік шыңдарын бағындырарыңызға сенімдімін», - делінген министр құттықтауында.

Еске сала кетсек, кеше, 27 наурыз күні Димаш Қытайдың Шанхай қаласында China Top music Awards сыйлығының«Азияның ең танымал әншісі» номинациясымен марапатталды .

Соңғы жаңалықтар