07:50, 28 Сәуір 2017 | GMT +6
Миллиондаған шаян Куба жағалауын толтырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кочинос (Куба) шығанағы жағасына миллиондаған шаян шықты. Бейнежазба 25 сәуір күні Reuters агенттігінің YouTube-арнасында жарияланды.
Бейнероликте хабарланғандай, жыл сайын ұрпақ өрбіту үшін шаяндар жағаға шығады. Олардың басым бөлігін жолдан өткен көліктер таптап кетеді немесе құстарға жем болады.