Мичиган штатында ғарыштық нысанның жарылысы тұрғындарды шошытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мичиган штатына құлаған метеор Жер атмосферасының тығыз қабатына енген кезде шашырап бөлініп кетті. Оның жарылысы тротилдік өлшеммен 100 тоннаны құрады, деп хабарлайды ТАСС.

Хантсвилдегі (Алабама штаты) NASA орталығының метеориттер басқармасының хабарлауынша, ғарыштық дененің құлау тракториясын куәгерлердің визуалдық бақылаулары негізінде анықтаған.

«Біздің сарапшылар да осындай қорытынды жасады. Есепке сәйкес метеордың құлау жылдамдығы сондай қатты болмаған - бары-жоғы  сағатына 45,06 мың шақырым. Осыған байланысты ғарыштық дененің бөлшектеніп кетпей тұрып атмосфера қабатына терең енгенін байқаймыз»,-деп жазды АҚШ ғарыш ведомствосының бөлімі өзінің Facebook парақшасына.

NASA қызметкері Билл Кук, тротилдік өлшеммен 100 тоннаны құрайтын қуаттылығы бар жарылыс толқыны Мичиганның оңтүстік-шығысындағы тұрғындарды қатты қорқытқанын айтады.

«Әдетте отты шарлар жерге метеорит ретінде төгіледі, соққы толқыны жоғары шыққанда, жерді де сәл дірілдетіп жібереді»,-дейді Кук.

Соңғы жаңалықтар