Мерлин Монроның мүрдесі табылған үй сатылымға қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливудтық киноактриса Мерлин Монро өмірінің соңғы бірнеше айында тұрған үй жеті миллион долларға сатылады. 

Бұл үйден 1962 жылы киноактрисаның  мүрдесі табылған болатын.

Үй шағын Брентвуд қаласында орналасқан. 1929 жылы салынған. Оның алаңы 240 шаршы метрді құрайды. Үй қоршалған, бассейні және цитрус тоғайы бар. Үйде төрт жатын бөлме, үш ванна бөлмесі бар.

Америкалық  The Hollywood Reporte журналы хабарлағандай, ғимарат Мерлин Монроның аса танымалдығына қарамастан, тарихи  құндылық деп есептелмеген және   үйдің бірнеше иелері болған.  

Соңғы жаңалықтар