«Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға Алматыдан 50-ден аса отбасы тілек білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының алғашқы кезеңіне 50-ге жуық шаңырақ қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Байқаудың алғашқы кезеңінде Алматының 8 ауданынан 2 отбасыдан іріктеліп алынады. Екінші кезеңге іріктеліп алынған 16 жанұя өтеді. Сонымен қатар, алғашқы кезеңде облыстық байқауға қатысатын екі жанұя да іріктеліп шықпақ.

«Мерейлі отбасы» байқауының 2014 жылғы жеңімпазы белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев аталған доданың жауапкершілігі үлкен екенін айтты.

«Біз сол жылы байқауға қатысқандардың ішінде жас отбасы болдық. Бірден ескертейін, бұл байқаудың жауапкершілігі зор. Еліміздің үздік жанұясы деген сөздің салмағы қаншалықты зор екенін біле беріңіз», - дейді Жұмаев.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының облыстық турлары еліміздің барлық аймағында өткізіледі. Оған қатысып жеңімпаз атанған Астанада, қыркүйек айында өтетін ақтық сынға жолдама алады.

Қалалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары сайыстың республикалық кезеңіне қатысады. Байқаудың үшінші кезеңіне Қазақстанның барлық аймағы мен Астана және Алматы қалаларынан үздік деп танылған 16 отбасы өтеді. Осыдан кейін смс-дауыс беру жүйесі арқылы жеңімпаз анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар