Мереке күндері Павлодар гарнизоны күшейтілген режімге көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы Данқ саябағында мереке күндері өңірімізде қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалау бағытында қызмет ететін полиция қызметінің кешенді күшінің жалпы гарнизондық ауысымы өтті.

Бұл туралы Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мамандардың сөзінше, полицейлер мен әскери қызметшілерден басқа ауысымға облыс басшылары, қоғамдық көмекшілер, 5512 ә/б әскери қызметкерлері және Мамандырылған күзет қызметі басқармасы қатысты. Өз міндеттерін қабылдап алған гарнизон қызметкерлері екі күндік мерекеде қоғамдық тыныштықты барынша сақтауға уәде берді. Шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге және қылмыстарды ашуға атсалысқан полицияның қоғамдық көмекшілері Баян Рақанова және Ғалымжан Кабір салтанатты түрде ақшалай сыйақымен және ІІБ грамотасымен марапатталды.

 Сондай-ақ, салтанатты жиында қылмыстарды ашуда кәсіби шеберлік және қырағылық танытқандары үшін ІІБ бұйрығымен Павлодар қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Сержан Акитов, полиция лейтенанты Асқар Нұрғалиев, полиция старшинасы Қанат Дайыров, Алтынбек Шарбақбаев, полиция аға сержанты Мейіржан Кешубаев, Бекзат Қани, Дархан Тұқатаев, полиция сержанты Диас Әміржанов, Аманай Әубәкіров, Берік Саханов, Бауыржан Есімов, Айтақан Асығат, Ерасыл Шегебаев, Тілеуқабақ Сейтахметов және Нұрсұлтан Азаматовқа алғыс жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар