Мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушылар ағыны артатындықтан «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша жүреді:

- №155/156 «Алматы-Астана Нұрлы жол» 2 рейс.

Алматыдан 2017 жылдың 15, 29 желтоқсан күндері шықса, «Астана - Нұрлы жолдан» кері бағытта 2017 жылдың 16, 30 желтоқсан жүреді.

- №161/162 «Алматы-Шымкент» 2 рейс.

Алматыдан 2018 жылдың 02, 04 қаңтар күндері шықса, Шымкенттен кері бағытта 2018 жылдың 03, 05 қаңтар күндері қайтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дәл осы уақытта сұранысқа ие бағыттарға тағы 11 қосымша пойыздар (рейс) және 1000-ға жуық тіркеме вагондар шығарылған болатын.

Қосымша ақпарат алу үшін, теміржол вокзалдарының анықтама қызметіне жүгінуге, немесе 105 анықтама қызметіне телефон шалуға болады. 

Соңғы жаңалықтар