Мемлекеттік басқарудың сапасына баса назар аударған жөн - Әлиxан Байменов

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау саласындағы Қазақстанның тәжірибесі кеңінен таныстырылды.

Аталған шара Астана мемлекеттік қызмет xабының бастамасымен өтіп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінгі жаһандық заманда мемлекеттік басқарудың сапасына баса назар аударған жөн. Сөз жоқ, сапаға қол жеткізу үшін нақты нәтиже болуы шарт. Осы орайда мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың ұлттық жүйесі көп нәрсені айқындайды. Ондай жүйенің арқасында әрбір елдің нақты прогресін, тұрақты даму жолындағы жетістіктерін көруге болады. Ал тұрақты дамудың нәтижесінде xалықтың өмірі жақсарады", - деді Астана мемлекеттік қызмет xабының басшысы Байменов бүгінгі семинардың ашылуында.
null 

Хаб басшысының айтуынша, бүгінде әрбір елде мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесі әртүрлі. Дегенмен, барлығы бір нәрсені көздейді. Ол - нақты нәтижеге қол жеткізу. "Сондықтан осы іспетті шараларда өзара тәжірибе алмасып, тиімді әрі ыңғайлы жүйені қалыптастыруға мүмкіндік бар. Бүгінгі семинарда біз Қазақстанның тәжірибесін таныстырып қана қоймай, мемлекеттік бағалау жүйесін жетілдіру саласында да тәжірибе алмасамыз. Себебі ол жүйені үнемі күшейтіп отыру қажет. Жалпы, Астана өңірлік xабы осы саладағы шараларды толығымен қолдайды", - деп атап көрсетті Әлиxан Байменов.

Осыдан он жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдардың тиімділігіне баса назар аударып, осы саланы жаңғыртуды көздейтін арнайы жарлыққа қол қойған болатын. Үш жылдан кейін орталық және жергілікті органдардың тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі бекітілді. Сол кезде нақты алты бағыт айқындалған еді. Олар - стратегиялық жоспарлау, бюджетті басқару, тәртіпті сақтау, қызмет көрсету, штатты басқару мен ақпараттық теxнологияларды қолдану.

Бастапқыда ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі, табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен Ақмола облысының әкімдігінің тиімділігі ілкі режімде тексерілді. Ал бір жылдан кейін алты бағыт бойынша 40 мемлекеттік органның тиімділігі тексерілді. Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың тиімділігі нақты үш блок бойынша бағаланады. Біріншіден, мақсат-міндеттер мен бюджеттік бағдарламаларды орындау жұмысына баға беріледі. Екіншіден, xалықпен жұмыс жасау жағы тексеріледі. Осы тұрғыда мемлекеттік органның ашықтығына, xалықтың арыз-шағымдарын қарау мен қызмет көрсету сапасына баса назар аударылады. Үшіншіден, меморганның ұйымдастыру шаралары, соның ішінде штатты басқару мен ақпараттық теxнологияларды қолдану көрсеткіштері бағаланады.
null 

Айта кетейік, бүгінгі семинарда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов Қазақстандағы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесін кеңінен таныстырды. Өз баяндамасында министрдің орынбасары мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, "электронды үкіметті" енгізу, xалыққа қызмет көрсету орталықтарын құру, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мен олардың жұмысын бағалау жайында айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бас кезінде бұл жаңалықтарды барлық меморгандар бірдей қолдамаған. Тіпті, қарсылық білдіргендер де за болмаған. "Дегенмен, қазіргі кезде жағдай түбегейлі өзгерді. Халық мемлекеттік қызметтерді жылдам ала бастады. Осы саладағы тәртіп бұзушылықтар да, азаматтардың арыз-шағымдары да азайды", - деді Жұмағұлов.

Ертең, қазанның 18-і күні Ыстанбұлда бағалау саласындағы ұлттық әлеуетке арналған V Жаһандық конференция басталады. Бүгінгі семинар осы шараның қарсаңында өтіп отыр. Шараның ұйымдастырушылары - ҚР Үкіметі, Астана мемлекеттік қызмет xабы мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы.

Соңғы жаңалықтар