Мемлекеттік бағдарламалар ипотеканы жандандырды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Мемлекеттік бағдарламалар ипотеканы жандандырды: бір айда займ сомасы 1,4%-ға жетіп, тарихта тұңғыш рет 1 триллион теңгеден асты, деп жазды ranking.kz.

Маусым айының қорытындысы бойынша ҚР екінші дәрежелі банктерінің ипотекалық займдар сомасы рекордтық көрсеткіш - 1,01 трлн теңгені құрады. Бұл алдыңғы айдан 1,4% (немесе 14,1 млрд теңгеге) жоғары.

Ипотекалық портфельдің ең үлкен өсімі, яғни +4,8 млрд тенге елордада байқалады. Осылайша Астанадағы ипотекалық портфель 229 млрд тенгені құрап отыр, бұл республика бойынша көрсеткіштің 22,7%-ы. Сондай-ақ, ипотека көлемін арттырған өңірлердің үздік үштігіне қаржы орталығы - Алматы (бір айға +3,3 млрд теңге, 301,4 млрд теңгеге дейін) және Ақтөбе облысы (+855 млн тенге, 53,5 млрд теңгеге дейін) енген.

Ипотека нарығы 2014 жылдың ортасынан өзгеріссіз болды және өткен жылдың соңына қарай ғана өсім көрсете бастады. Ал ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда займ көлемі бірден 15,5 %-ға өсті. Оған 2017 жылы басталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы көп әсерін тигізді. Ипотекалық нарықтың жандануы тұрғын үй нарығының да белсенді жұмыс істеуіне ықпал етті. 2017 жылдың шілде айында қазақстандықтар 19,49 мың жылжымайтын мүлік сатып алып-сатуды жүзеге асырды, бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 26,1%-ға көп.

Қазақстандықтар көпқабатты үйдегі пәтерлерге көбірек қызығушылық танытып отыр - бұл жерде келісім саны бір жылдан екінші жылға бірден 34,8%-ға, 13,25 мыңға өсті.

Жекеменшік үйлердегі келісім саны жыл ішінде 14,1%-ға, 6,42 мыңға өсті.

2014-2016 жылдары тұрғын үй нарығы тоқырауда болды.

Шілде айында Қазақстандағы жаңа үйлердің шаршы метрі орта есеппен 252,3 мың теңге болды, ол маусым айындағыдан 1,3%-ға жоғары.

Екінші деңгейлі нарықта барлығы өзгеріссіз қалды, пәтердің шаршы метрінің бағасы алдыңғы аймен бірдей - 188,1 мың теңгені құрады. 

Соңғы жаңалықтар