Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект болғанда қазақ қалай күн көреді, осыны біз де ойланайық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "100 жаңа оқулық" жобасы аясында қазақ тіліне аударылған алғашқы кітаптардың ішінде әлемге танымал философтардың еңбектері де бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аталған кітаптарда көтерілген мәселелердің қазақты да айналып өтпейтінін жеткізді,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы», Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» да терең философиялық пайымдауларға жетелейді. Болашақта адамның санадағы монополиясы жоққа шығарылуы мүмкін. Ғалымдар 2050 жылы адамның барлық зияткерлік әлеуетін басып озатын жасанды интеллекттің қалыптасатынына болжам жасайды. Адамзат тұңғыш рет өзінен мықты құбылыспен бетпе-бет келеді. Сонда не істейміз? Қалай әрекет ету керек? Осыны біз де ойланайық. Болашақта жасанды интеллектпен не істейміз? Сол кезде қазақ қалай күн көреді?", - деді Н.Назарбаев бүгін "100 жаңа оқулықтың" алғашқы сериясын таныстыру кезінде.

Президенттің айтуынша, бүгінде жасанды интеллектке дайын болу үшін әлемнің үздік оқу орындары өздерінің зерттеу орталықтарын ашып жатыр. Оксфордта адам болашағы, Гарвардта болашақ қоғам атты философиялық жаңа институттар құрылуда. "Олар жаңа өмірдің парадигмаларын анықтап, қатерлерді алдын алу мәселесін ойланып жатыр. Осының бәрі біздің руxани жаңғыру құндылықтарымызбен үндеседі. Бұл аудармадан жасалған аударма емес. Адамзат санасының ең таңдаулы туындылары түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып отыр. Алғаш рет ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударып жатырмыз. Әрине, орыс тілін білу арқылы көп нәрсеге қол жекіздік. Оны да жоққа шығаруға болмайды. Дүниежүзілік мәдениетті де, тариxты да, ғылымды да орыс тілі арқылы таныдық. Оның пайдасы зор болды. Енді, тікелей қазақ тіліне аударып отырмыз", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

 Айта кетейік, бүгін аталған кітаптардың барлығы Президентке таныстырылды. Сол кезде Мемлекет басшысы діни білімнің маңыздылығына да ерекше тоқталды.  Сондай-ақ, жемқорлықтың қайдан басталатынын да айтты. 

Соңғы жаңалықтар