Мемлекет басшысы: Ұлттық банкті қыспаққа алуды қойыңдар!

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттар арқылы Ұлттық банкке қысым жасайтындарға ескерту жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Депутаттар арқылы Ұлттық банкті қыспаққа алуды доғарыңдар! Не болып кетті өзі? Мен бір нәрсені түсінбеймін, соңғы кезде Ұлттық банктің төрағасы болсын, министр болсын, депутаттар бәрін ортаға салып, қыспаққа алады. Ұлттық банктің төрағасы тікелей Президентке бағынады. Сондықтан ондайды қою қажет. Ол дұрыс емес. Біз олай жұмыс істеген жоқпыз. Ұлттық банк дұрыс жолды ұстап келеді. Банк жүйесін қалпына келтіреміз. Елдің алдында тұрған міндеттерді орындайтын боламыз», - деді Н.Назарбаев Ақордада өткен кеңесте.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің есебін тыңдап, осы салада атқарылған жұмысқа оң баға берді.

Мемлекет басшысы бірқатар банктерге ескерту жасады.

Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасын тездетіп бастауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар