Мемлекет басшысы Тараздағы гипс және гипсокартон зауытында болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде «КазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«КазУпакТрейд» ЖШС-ның басшысы Нұрлан Әлжанқұлов Елбасына гипс және гипсокартон өндіретін кәсіпорынның жұмысын таныстырды. Кәсіпорын индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның құны 1 725 млн теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 150 мың тонна. Кәсіпорында 75 адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар, зауыт аумағында ҚР Президентіне  индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асқан және асырылып жатқан келесі жобаларды таныстырды. Олар: «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим Удобрения» ЖШС, «Talas Investment Company» ЖШС, «Тараз Химиялық паркі» АЭА, «Aurum Deutschland» ЖШС, «Тенир Логистик» ЖШС,  «Мынарал Тас Компани» ЖШС, «Қаз Мия» ЖШС, «БиоВет КЗ» ЖШС, «Burnoye Solar» ЖШС, «Higer Quazar» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар