Мемлекет басшысы Қызылордадағы спорттық-сауықтыру кешеніне барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы  «Арай» спорттық-сауықтыру кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында «Арай» спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді. Кешенде аквапарк, SPA орталығы, балаларға арналған ойын павильоны, коттедж қалашығы, аттракциондарды қамтитын ашық бассейндер, фитнес орталығы, сондай-ақ 500 адамға арналған балалар орталығы бар.

Елбасы облыс жастарымен және балалармен кездесіп, бейресми әңгіме өткізді.

Соңғы жаңалықтар