Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің бірқатар басшыларын қызметінен босатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қарулы Күштер саласының бірқатар басшыларын қызметінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;

Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы - Құрлық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметінен;

Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар