Мемлекет басшысы әнші Димаш Құдайбергеновке шығармашылық табыс тіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы басталар алдында жас әнші Димаш Құдайбергеновпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті әңгіме барысында Д.Құдайбергеновті Қытайда өткен халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтап, оған бақ-береке және зор шығармашылық табыс тіледі.

«Сенің бойыңда айрықша дарын бар. Соны сақтай біл. Мен сенің болашағыңның жарқын болуын тілеймін. Халқыңа қызмет ету жолында қуатың сарқылмағай. Сені қазір барлық жерге шақырып жатыр. Сол үшін саған мықты денсаулық керек», - деген Елбасы жас дарынға батасын берді.

Д.Құдайбергенов Мемлекет басшысына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, өзінің алдағы жоспарлары жөнінде айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті жас әншінің шығармашылық жолында жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар