Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зеренді ауданындағы "Ұмай жер" ЖШС-нің егін алқабын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы аталған шаруашылықтың астық алқаптарын аралап, сол жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Сондай-ақ астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанына дайындық жұмыстарын пысықтады.
null

«Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында не өндіреміз деген мəселе туындады. Енді қазір шығарған өнімді қайда сатамыз деген мəселе толғандыруда. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде», - деді Н. Назарбаев диқандармен кездесуінде.
null

Кездесу барысында шаруалар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар үшін Елбасына алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, 2009 жылы құрылған "Ұмай жер" ЖШС-і бидай, майлы дақылдар өндірумен айналысады. Шаруашылықтың 26 мың гектарға жуық жері бар. Онда 130-ға жуық адам еңбек етеді.

null

Соңғы жаңалықтар