Мектептегі ескі пианинодан құны 640 мың долларлық қазына табылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Мартин Бэкхауз жергілікті мектепке сыйға тартылған 1847 жылғы пианино клавишінің астынан 913 алтын монета тапты.  

null
Осының арқасында музыкалық аспапты күйіне келтіруші бір күннің ішінде 320 мың долларға байып шыға келді.

Оның бұрынғы иелері - 72 жастағы Грэхам Хеммингс пен оның жұбайы Мэг 33 жыл үйінде тұрған ескі құрылғыда қазына сақталғандығын білмеген. Пианиноны тек Шропширдегі жергілікті мектепке сыйлағаннан кейін бір-ақ хабардар болған. Бұл жұп пианиноның қазіргі иесі болып саналмайтындықтан, оларға бір монета да берілген жоқ.
null  

Барлық ақшаны Мартин Бэкхауз бен оны пианиноны жөндеу үшін жалдаған мектеп әкімшілігі өзара бөлісіп алады. Қазынада 1847-1915 жылдар аралығында шығарылған монеталар да бар, ол Англияда табылғандардың ішіндегі ең бағалысы болып табылады. Монетаны мамандар зерттеуде, алдын ала бағалауға сәйкес, әрбірінің бағасы 700 фунтты құраса, ал қазынаның жалпы құны 640 мың долларға жетеді.
null  

 

Соңғы жаңалықтар