Мектеп автобусы бұғының кесірінен апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та автобус жүргізушісі  жолға жүгіріп шыққан бұғыны баспас үшін рульді күрт бұрып, ағашқа соғылды, салдарынан  14 мектеп оқушысы мен жүргізуші зардап шекті. 

Оқиға Лексингтон  қаласына жақын жерде Кетукки штатының оңтүстік-шығыс бөлігінде орын алды. Жүргізуші бұғыны қағып кетпес үшін рульді күрт бұрып жіберген, салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Бұл ретте полицейлердің айтуынша, егер ол жерде ағаш болмағанда апат салдары тіпті ауыр болар еді, деп хабарлады ABC.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың өміріне еш қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар