Мексикалық пен америкалықтың шекарадағы ерекше тойы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық қалыңдық Эвелия Рейс пен америкалық күйеу жігіт Брайан Хьюстон үйлену тойларын екі елдің шекарасында өткізіп, ерекше той жасады, деп хабарлайды Financiero.

Портал мәліметінше, ғашықтар мексикалық Тихуана ауданында орналасқан «Үміт қақпасы» деп аталатын жерде некелескен.

«Қақпа» соңғы жылдары бір-біріне келуге мүмкіндігі жоқ шекараның екі жағында тұратын туысқандардың кездесуі үшін бірнеше рет қана ашылған.

Ғашықтар неке қию туралы ресми құжаттарына шекараның ашық тұрған сәтінде, тап сол жерде қол қойған. 

Соңғы жаңалықтар