Мексикада таяуда сайланған қала мэрін өлтіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы Веракрус штатында қылмыскерлер тобы жақында ғана Идальготитлан қаласының мэрі болып сайланған Сантана Круза Баэнді өлтіріп кетті, деп хабарлайды Quadratin басылымы.

Қаруланған топ қала мэрінің үйін қоршап, оның көшеге шығуын талап еткен. Баэн бұдан бас тартқан кезде қылмыскерлер есікті бұзып, ішке баса-көктей кірген. Қарақшылар шенеунікпен бірге оның үш оққағарын өлтірді.   

«Новый альянс» партиясы атынан қала мэрі болып сайланған Сантана Баэн бұл лауазымда 31 желтоқсан күні жұмысқа кірісуі тиіс еді. 

Соңғы жаңалықтар