«Медициналық пойыздар» мамандары 394 мың ауруды тіркеді
Пойыз заманауи диагностикалық және емдеу құрылғыларымен (УДЗ, флюорографиялық құрылғымен және т.б.), шағын-операциялық, зертханалық, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін - Интернетке қосылу мүмкіндігімен жабдықталған.
Медициналық пойыздар медициналық кабинеттері мүлдем жоқ өңірлерді қамтиды.
2017 жылы «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары өз жұмыстарын бастады:11 сәуірден 6 қарашаға дейін «Саламатты Қазақстан» пойызы орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде медициналық көмек көрсететін болады. Ал 18 сәуірден 20 желтоқсанға дейін «Денсаулық» пойызы оңтүстік және батыс өңірлерді қамтиды.
2010-2016 жылдар аралығында медициналық пойыздар 1 052 шалғай жатқан станцияларды қамтып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде 71,5 мың баланы тексеруден өткізді.
1,5 миллион диагностикалық емдеу шаралары, 4 мың кіші амбулаторлық ота жасалып, 19 телемедициналық консультация ұйымдастырылды. Маммологтар 44 мың әйелді қарап, 73 мың тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді. Пойыздардағы мамандардың тиімді жұмыстарының нәтижесінде 394 мың ауру тіркелді.