Мәжіліс балалардың діни шараларға қатысуын шектейтін құжатты қарауға кірісті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін палатаның жалпы отырысында аталған заң жобасы бойынша жұмыс істеп, қорытынды әзірлеу міндеті Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

«Заң жобасы діни қызмет саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіруді күшейту мақсатында бұл саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар заң жобасы дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға, кәмелетке толмаған балаларды діни қызметке әрі діни рәсімдерге, іс-шаралар мен жиналыстарға заңсыз тартуға, діни шаралар мен уағыздауды заңсыз жүргізуге жол бермеуге бағытталған нормаларды қамтиды. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.
null 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын заңнамада қарастырылып отырған түзетулер аясында балалар діни ғұрыптарға, мешіт пен шіркеуге тек ересектермен еріп бара алатынын мәлімдеген болатын. 

«Бұл нормада міндетті түрде ересек адамдардың бірі баланың жанында болуы ескерілген. Нақтырақ айтқанда, ата-ананың бірі, кәмелетке толған жақын туыстары, яғни ағалары мен әпкелері, атасы мен әжесі, сондай-ақ заңды өкілдері болуы керек. Осы орайда міндетті талаптың бірі - ол ата-ананың бірі қарсы болмауы тиіс», - деп түсіндірді ол тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

null  

Соңғы жаңалықтар