Мажар елшісі Түркі академиясы басшысына Офицерлік крест орденін табыс етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани Астанада Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәліге Мажарстан президентінің жарлығына сәйкес тағайындалған Мажарстанның офицерлік крест орденін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат TWESCO баспасөзіне сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі академияда Мажарстан елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған мажар этнографы, профессор Михай Хоппалдың зерттеуі бойынша «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме аясында болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мажарстанның ең жоғары мемлекеттік марапаты Дархан Қыдырәліге Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ танымал түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің құнды еңбегін сақтауға қосқан үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрінің ұсынуымен биылғы тамыз айында тағайындалған еді.
null 

Соңғы жаңалықтар