Майами турнирі: Зарина Дияс Кузнецованы жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ыншы ракеткасы Зарина Дияс Майами (АҚШ) турнирінде атақты ресейлік теннисші Светлана Кузнецовамен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С.Кузнецова кезінде «Үлкен дулыға» турнирін (US Open мен Ролан Гаррос) екі мәрте ұтқан әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, қазір рейтингте 27-інші орында тұрған тәжірибелі спортшы еді. Соған қарамастан, Зарина қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде З.Дияс төрт мәрте брейк жасады.

Жүлде қоры 8,6 млн АҚШ долларынан асатын Майами турнирінің үшінші айналымында қазақстандық теннисші, Германия елінің өкілі, әлемнің 57-інші ракеткасы Карина Виттхёфтпен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева алғашқы айналымда румыниялық Моника Никулескуге жол берген болатын.

Ерлер арасындағы осы жарыста Қазақстанның бірінші, әлемнің 75-інші ракеткасы Михаил Кукушкин қазіргі сәтте рейтингте 84-інші сатыда тұрған румыниялық Мариуш Копилмен ойнап жатыр.

Фото:static.tildacdn.com

Соңғы жаңалықтар