Маврикий президенті сыйға берілген несие картасының кесірінен отставкаға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маврикий Республикасының президенті Амина Гуриб-Факим қаржылық алаяқтық жасады деген хабар тараған соң отставкаға кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ABC News-ке сілтеме жасап.

Оның қорғаушысының сөзіне қарағанда, Гуриб-Факим елдің «ұлттық мүддесін» ойлағандықтан отставкаға кету туралы өтініш жазған.

Бұрын жергілікті БАҚ-та президент Анголаның үкіметтік емес ұйымы сыйға тартқан несие картасынан 27000 доллар мөлшерінде жеке өзіне заттар сатып алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол ұйым Маврикийдегі қызметін жандандыру мақсатында осындай қадамға барған болуы мүмкін. Оның үстіне қазір Португалияда ұйымның негізін қалаушыға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу жүріп жатыр.

BBC-дің хабарлауынша, несие картасын Гуриб-Факимге Жер Ғаламшары Институтының штаттан тыс директоры ретінде берген.

Гуриб-Факим саяси кампанияның құрбаны болғанын айтып, отставкаға өтініш жазбайтынын мәлімдеген болатын. Бірақ сенбі күні шешімін өзгерткен. Оның отставкасы 23 наурызда күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар