Мәслихат депутаттары қатерлі дертке шалдыққан балалар үшін қан тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәслихатының депутаттары қатерлі дертке шалдыққан балалар үшін қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Донор болу туралы бастаманы депутат Әзірбаев Мұхит көтерген.

«Барлығымыздың мақсатымыз бір. Донорлықты дәріптеу, донор болу дегеніңіз  өзге адамға өмір сыйлау деген сөз. Бұл бойымызда адамгершілік сезімін оятып, иман құндылығымызды арттыра түседі», - деді Мұхит Әзірбаев.

Шенеуніктің бастамасын бірнеше депутат қолдап, бүгін донор болу үшін қан орталығына келді.

Қан орталығы мамандарының айтуынша, донор қанының көлемі 65 пайызға артып келеді. 2008 жылдан бері донорлардың саны 181795 адамнан 221 910 адамға өскен.

Айта кетейік, жыл сайын әлемде 500 мың бала қатерлі қан дертіне шалдығып жатыр, оның 100 мыңға жуығы уақытында қан құйылмаған соң қаза болуда.     

null null 

Соңғы жаңалықтар