Мәскеуліктер қазақстандықтарды Конституция күнімен қазақша құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Ғаламтордағы мәскеуліктер Қазақ елін Конституция күнімен қазақша құттықтаған бейнероликті жұрт көп тамашалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мереке құтты болсын!», «Алға, Қазақстан!» мәскеуліктер Қазақстан халқын айтулы мейраммен осылай құттықтауда. Ресей астанасының Чистопрудный бульварындағы тілектер қазақ тілінде айтылды», - делінеді YouTube бейнехостингіне РФ-дағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жариялаған видеоға жазылған түсініктемеде.

Қала тұрғындары өздеріне таныс емес тілде құттықтаса да, олардың сөздерінен жылылық пен шынайылық байқалады. Дипломатиялық кеңсенің Фейсбуктегі ресми парақшасында мәскеуліктердің шын жүректен бауырлас халыққа амандық, ізгілік және бақыт тілегені айтылады.

Бұрын белгілі болғанындай, Мәскеуде оқып жүрген қазақ студенттері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, сондай-ақ «Жас Тұлпар» Қазақстан студенттері бірлестігінің белсенділері Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай флешмоб ұйымдастырған. Мереке күні Ұлы Абай ескерткішінің маңындағы Чистопрудный саябағы флешмобқа қатысушылар желбіреткен Қазақстан Мемлекеттік Туынан көк түске боянған.

Соңғы жаңалықтар