Мәскеудегі университет аумағында болған өрттен бір адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік-батысындағы Серго Орджоникидзе атындағы РМГБУ  аумағында болған өрттен бір адам қаза тауып, бір адам зардап шекті, деп хабарлады қаланың шұғыл қызметтер дереккөзіне сілтеме жасап ТАСС.

 «Өрт Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетінің аумағындағы жеке тұрған ангарда орын алды», - деді агенттік әңгімелесушісі. Ол, сондай-ақ, қазіргі уақытта аумақ үйінділерден тазартылып, адамдарды іздеу жүріп жатқанын атап өтіп.

ТЖМ баспасөз қызметі осы мекенжай бойынша 60 шаршы метр алаң өртенгенін, зардап шеккендер барын растады. 

Соңғы жаңалықтар