Мәскеудегі форумда Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы туралы айтылды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде «АтомЭко-2017» халықаралық форумы аясында «АЭС құрылысында қоғаммен өзара іс-қимылдың заманауи форматтары. Ресей мен шетелдік тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Іс-шараға жақын және алыс шет елдердің бірқатар атом энергетикасы өкілдері, сондай-ақ қазақстандық тараптан Қазақстанның ядролық қоғамы (ҚЯҚ) қатысты.
null 

Дөңгелек үстел барысында ҚЯҚ директоры Наталья Жданова Қазақстанда жүргізіліп жатқан халықтың атом энергетикасы туралы объективті қоғамдық пікірін қалыптастыру бойынша жұмыстары жайлы айтты.

«Атомдық технологиялардың медицинада, өнеркәсіпте және басқа салаларда қолданылатындығын бәрі біле бермейді. Сонымен қатар, Қазақстанда атом саласы мен ядролық технологиялар белсенді дамып келеді», - деді Н.Жданова ҚЯҚ жұмысының бағыты туралы.

«Басты мақсат - атом энергетикасының дамуы туралы объективті ақпарат беру. Оның пайдалы жақтары көп. Адамдар ол туралы хабардар болып, мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы тиіс», - деп атап өтті ол.
null 

Оның айтуынша, осы мақсатта республикада екі жылдан бері атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталық жұмыс істеп жатыр. Ол барлық тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, ҚЯҚ директоры осы жұмысты жүзеге асыруға Индустрия 4.0. бағдарламасының ықпал етіп жатқанын тілге тиек етті. 

Соңғы жаңалықтар