Мәскеуде пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - РФ ТЖМ

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу-Брест жолаушылар пойызы мен электр пойызының соқтығысуынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі тілшісіне Ресей ТЖМ Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасы хабарлады.

Еске сала кетсек, Мәскеу батысында Мәскеу-Брест жолаушылар  пойызы мен Вязьма-Мәскеу қала маңы пойызы соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан электр пойызының төрт вагоны, жолаушылар пойызының локомотив бөлігі рельстен шығып кетті.

Соңғы деректерге сәйкес, көлік оқиғасынан 50 адам медициналық көмекке жүгінген, 12 адам ауруханаға жатқызылған. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Тергеу органдары екі пойыздың соқтығысу фактісі бойынша РФ ҚК 263-бабы, 1-бөлігіне сәйкес («темір жол, әуе, теңіз және ішкі су көлігі, метрополитен қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін бұзу») қылмыстық іс қозғады. 

Соңғы жаңалықтар