Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Мәскеудегі Қазақстан консулы қызметіне Бауыржан Ақатаев тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА РФ-тегі ҚР елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын оның ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары болғаны хабарланды.

Бауыржан Ақатаев Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. ҚР СІМ жүйесінде 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Мемлекеттік хаттама қызметінде. ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде қызмет еткен. 

Соңғы жаңалықтар