Мәскеу-Алматы рейсімен кетіп бара жатқан ұшақта қазақстандық өзін нашар сезіне бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу-Алматы рейсінің ұшағы қазақстандықтың денсаулығының нашарлауына байланысты амалсыздан Самараға қонды, деп хабарлайды samru.ru. 

Бүгін таңертең Курумоч әуежайына Мәскеу-Алматы ұшағы жоспарсыз қонды. Бортта 147 жолаушы болған, деп жазды портал.

Куйбышевск көлік прокурорының көмекшісі Максим Ворошиловтың айтуынша, Қазақстан азаматшасы - 17 жастағы спортшының салонда өзін жаман сезінуіне байланысты лайнердің жерге қонуына тура келген. Оқиға орнына жедел-жәрдем бригадасы шақыртылды. Қызды Самарадағы ауруханалардың біріне жатқызды.

Оның жаттықтырушысының айтуынша, дзюдо жарысында қыздың мойны мен басы жарақаттанған. Осы себепті ол өзін нашар сезінуі мүмкін. Спортшыны түсіргеннен кейін ұшақ ары қарай ұшып кеткен.

Соңғы жаңалықтар