Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпияларын ұрламақ болғаны туралы жазды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің «Егемен Қазақстан» газетінде комитеттің 25 жылдығына арналған мақаласы жарияланды. Онда отандық ұлт­тық қауіп­сіздік органдарының ширек ғасырдағы жеткен жетістіктері баяндалған.

«Нұрсұлтан Әбішұлының ерік-жі­гері мен стра­тегиялық көз­қарасы бүкіл еліміз үшін де және өзінің жаңа тари­хын 1992 жыл­ғы 13 шілдеден бас­таған дербес арнайы құрылым - ұлт­тық қауіп­сіздік органдары үшін де тағдыр­шешті болды», - деп жазады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Жа­қында Ақордада ҚР Президенті «ЭКСПО»-ның ашы­лу сал­тана­тының қауіпсіздігін тиімді қам­та­масыз еткені үшін басқа ве­домство­лар қатарында ҰҚК органдарына да ризашылығын білдірген. «Көптеген мемлекет басшылары мен басқа да меймандардың қатысуымен өткен «ЭКСПО-2017»-нің ашылу салтанатын қам­­та­масыз еткен еліміздің бүкіл по­­лиция қызметіне, Ұлттық қауіп­­­сіздік комитетіне, «Сырбар» сырт­қы барлау қызметіне және басқа да ор­гандарға алғыс жариялағым ке­ле­ді», - деді Қазақстан Прези­денті. 

ҰҚК төрағасының айтуынша, комитет қызметкерлері шетелдік астыртын әрекеттерге тойтарыс берген. «Өткен 25 жыл ішінде біздің қарсы барлаушылары­мыз жеткілікті деңгейде тәжірибе мен ма­шықтарға ие болды. Мемле­кеттік құпияларды қорғаудың, барлау-бүлдіру әрекеті мен Қа­зақстанның ішкі ісіне заңсыз араласуға қарсы тұрудың өзіндік жүйесі қалыптасты. Бірқатар шпиондық әрекеттер мен жекелеген шетелдік арнайы қызметтер мен ұйымдардың мемлекеттік ор­гандарға сыналап кіріп, құпия ақпараттарға қол жеткізу жоспарларының жолы кесілді.  «Сапфир» және «Виктория» қарсы барлау операциялары аса жоғары деңгейде өткізілді. 2007 жылы АҚШ Президенті Дж.Буш: «АҚШ тарихында ядролық таратпау ісінде Қазақстаннан асқан әріптес әзірше болған емес», - деп кездейсоқ айтпаса керек», - деп жазады Кәрім Мәсімов. 

Оның айтуынша, халықаралық қалыптасқан жағдайларға байланысты ҰҚК мекемені жаңғырту және ребрендинг жасау жұмыстары жалғас­тырылып келеді. «Заман талабы елі­міздің алдына жаңа сынақ­тар қойып отыр. Бұл жайт қауіп­сіздік қызметінің қырағы­лығын, ұтқырлығын, техникамен жаб­дықталуын және ерекше шешім қабылдауын қажет етеді. Біз алдын ала әрекет жасауды меңгердік және бүгінде ҰҚҚ кез келген тапсырманы орындауға әзір екенін айта аламыз», - дейді ҚР ҰҚК төрағасы.

Соңғы жаңалықтар