Марокко королі 400 террористке рақымшылық жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко королі Мухаммед VI лаңкестік әрекеттері үшін айыпталған 400 адамға рақымшылық жариялады, деп хабарлайды Риа Новости.

Рақымшылық туралы жаңалық Мароккодағы революцияның 64 жылдығы қарсаңында жарияланды. 

«Рақымшылыққа іліккендер ресми түрде ұлт құндылығын қолдайтындықтарын айтып, экстремистік және террористік әрекеттерден бас тартатындықтарын жариялаған. Сондай-ақ олар қамауда болған уақытта тәртіпсіздіктерге бойы алдырмай, өздерін жақсы жағынан көрсетті»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, 18 тамыз күні Марокко азаматы Финляндияның Турку қаласында теракт ұйымдастырды. Осы әрекет бойынша 5 марокколық ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар