Маңғыстаудағы химиялық кәсіпорын табиғи газ шығару ауқымын кеңейтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы аммиак селитрасын өндіретін жалғыз кәсіпорында қайта құру жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «ҚазАзот» өзінің негізгі шикізаты - табиғи газ өндірісі көлемін арттыру мақсатында «Шығырлы-Шөмішті» кен орнының аумағын кеңейтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай, кәсіпорын республикадағы химия өнеркәсібі өнімдерін өндіретін ең ірі кәсіпорын (Қазақстандағы аммиак селитрасының 90%-дан астамы өндіріледі).

2014 жылы зауытты жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталған болатын.

«Зауытты қайта құру өнім шығару көлемін 2013 жылғы өндірілген 170 мың тоннадан 2016 жылы 320 мың тоннаға дейін, яғни еке есеге арттыруға мүмкіндік берді. Әсіресе аммиак өндіру цехы жаңартылды, өйткені ол тәулік бойы жұмыс істейді. Екінші кезең өнімділікті арттырып, экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға: өзіндік құнын арзандатып, аммиак, су және электр энергиясы сынды шығын материалдары мен коэффициенттерді төмендетуге  бағытталған», - дейді «ҚазАзот» АҚ бас директорының орынбасары, бас инженер Владимир Башмаков. 

Екінші кезең аясында дайын өнім көлемі жылына 400 тоннаға дейін өседі. Кәсіпорын қуатты 38,9 МВТ бу шығаратын «Газпоршеньдік электр станциясының құрылысы» жобасын іске қосты. 

1

2

Соңғы жаңалықтар