Маңғыстауда жаңа су құбыры 10 мыңнан астамды ауызсумен қамтамасыз етеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Форт-Шевченко қаласының жаңа шағын ауданына және облыстың Баутино ауылына су құбырын тарту жұмыстары басталған екі айда 13 мың метр құбыр орнатылып үлгерді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ағымдағы жылғы мамырда «Форт-Шевченко қаласына және Баутино кентіне су құбырын тарту» жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Бүгінде диаметрі 32 мм 12 мың 700 метр су құбыры орнатылды. Магистральдық құбырларды төсеу үшін 3 шақырым траншея қазылды.

Жобаны іске асыру кезеңі 2017-18 жылдар, жобаның жалпы құны - 1 млрд 450 мың теңге, жоба «Нұрлы жол» мембағдарламасы аясында орындалды», - деді облыстың энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.

Су құбырының ұзындығы 61,811 шақырым. 10 мың 200 адам сапалы таза сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ ол өткен жылы Ұлттық қордан Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылына автономиялық қазандық салуға қаражат бөлінгенін айтты.

Қазіргі уақытта құрылыс аяқталды. Бөлінген қаражат толықтай игерілді. Маңғыстау ауылының көп қабатты үйлері мен әлеуметтік нысандарының маңына 10 автономиялық қазандық орнатылды. Нысан жылу маусымы басталғанда пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Жобаны іске асыру нәтижесінде энергоресурстар үнемделіп, тұрғындар мен әлеуметтік нысандар сапалы, үнемді жылумен қамтамасыз етілетін болады», - деп атап өтті Сапар Аманбеков.

Соңғы жаңалықтар