Маңғыстауда тұрмыстық химия шығаратын цех ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында тұрмыстық химия шығаратын цех ашылды, деп хабарлайды tumba.kz.

null

Бастапқыда компания Маңғыстау облысында азық-түлік емес тауарлардың саудасын үйымдастырумен айналысқан. Ал 2017 жылы тұрмыстық химия өнімдерін шығара бастады. Бұл жобаны іске асыру үшін компания айналым қаражатын толықтыруға 14 процентпен несие алды.

null  

Кәсіпкер Бауыржан Ысқақовтың сөзінше, маңғыстаулық қызметкерлер мен технологтарды оқыту үшін мұнда Қазаннан делегация келген. Қазір өнім сәтті сатылуда. Кәсіпорын өнімді Қазақстанның басқа облыстарға жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде.

null 

«Біз қызметімізді көтерме бағамен сатуды 2003 жылы бастағанбыз. Қазір біздің 15 жылдық өтіліміз бар. Ірі брендтердің дитрибьютеріміз. Бізге тұрмыстық химия бренді қажет, оларды Қазақстаннан, Ресейден іздедік, бірақ жеткізушілермен келісе алмадық. Ақыры Қазанға барып, франшиза таптық», деді кәсіпкер Бауыржан Ысқақов.

null null null 

Соңғы жаңалықтар