Маңғыстауда малдардың құтыру дерегі тағы тіркелді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өңірде тағы 14 жануардың құтыру дерегі тіркелді. Төрт түлік малдың ішінде түйе, жылқы, сиыр осы індетке шалдыққан. Мұны облыстық ветеринария басқармасының мамандары растап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтыру диагнозы республикалық ветеринарлық зертханаларға жіберілген 50 малдың сынамасының нәтижесінен кейін қойылды.  Оның 14-і теріс нәтиже көрсеткен. Бұған дейін ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары вакцина жасап, сынамаларды Астанаға зерттеуге жіберген болатын.
null 

 «Ауыру табылған мал иелеріне өтемақы беріледі. Өтемақы Ауыл шаруашылығы министрінің № 559 бұйрығына сәйкес белгіленеді. Ол үшін адамдар эпизоотиялық отрядқа тиісті құжаттарды тапсыруы тиіс»,- деді МО Ветеринария басқармасы эпизоотиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Қамбар Момынов.
null 

Жұқпалы індетке шалдыққан малдар  Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы, Қарақия және Маңғыстау аудандарынан табылған. Құтыру ауруы үй жануарларына қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты жыртқыш аңдар тістеген кезде сілекейінен жұққан деген болжам бар. Сондықтан қазіргі таңда аудан, қала әкімдіктері тарапынан өз аумақтарында жабайы жыртқыш аңдардың санын анықтау жұмыстары да қолға алынған. Оған қоса облыс тұрғындарына мал ұстау, бағу және ветеринариялық заңнамаларда көзделген тәртіпте өз міндеттерін орындау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында жан-жануардың құтыру ауруы бойынша 5 дерек анықталғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар