Маңғыстауда қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Қарақия ауданы Құрық ауылында «саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына» арналған мемориалдық кешен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» жобасы аясында салынған мемориалдың жалпы ауданы - 882 шаршы метр. Бұл жоба шеңберінде шағын аллея мен арнайы тағзым ететін орындар салынған. Ескерткіш Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен қайғы әкелген  саяси-қуғын сүргіннің 80 жыл толуына орай зұлматтың құрбандары мен зардап шеккендерді мәңгі еске алу мақсатында тұрғызылған.
null 

«1928-1931 жылдары Кеңес өкіметінің солақай саясатының кесірінен қазақ халқының өмір-салты, дәстүр-мәдени тұрмысы шұғыл түрде зорлықпен өзгертілді. Асыра сілтеу белсенділерінің озбырлығынан сол нәубеттің тұсында қазақ халқының 2 миллионнан астам боздақтары қырғынға ұшырап, 1,5 миллионы шет елдерге бас сауғалап кетуге мәжбүр болды. Сол бір зобалаң жылдары бастарын өлімге тігіп қазақтың қамын ойлаған қайраткер тұлғаларын бүгінгі осы жиында еске алып, олардың рухына тағзым ету біздің азаматтық парызымыз. Осы орайда аудан орталығы Құрық ауылындағы осы мемориалдық кешен 1931-32 жылдардағы аштық пен  1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған жерлестеріміздің рухына қойылған мәңгілік ескерткіш», - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, Құрық ауылында тағы бір нысан - 500 орындық жатақхана ел игілігіне берілді. Аудан тарихына рухани серпін берер жаңа кезекті жоба - Құрық ауылындағы жұмысшыларға арналып салынған. НКОК (Норт Каспиан Оперейтинг Компани) мекемесінің қаржыландыруымен бой көтерген жаңа жатақхана құрылысына 1 млрд 352 млн теңге жұмсалған. Жатақхана ғимараты 10 723 шаршы метр аумақты алып жатыр. 5 қабаттан тұратын ғимарат барлық қажетті жабдықтармен қамтылған.
null 

null 

Қазіргі таңда, Қарақия ауданында республикалық маңызы бар көптеген жобалар іске асырылған. Құрық паромдық кешенінің екінші кезеңі аяқталып, пайдалануға берілді. Жоспарланған көрсеткіштен асырып 1млн 250 мың тонна жүк тасымалданды. Келесі жылы бұл көрсеткіш одан 2 есе өседі деп жоспарланған.

Президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында индустрияландыру күні Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолы пайдалануға берілген. Жалпы, осы жылы Қарақия ауданы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңгенің 23 жобасын демеушілер тарапы іске асырды.

Келесі жылы Құрық ауылындағы күніне 50 мың текшеметр шығаратын су зауыты, тазарту ғимаратының құрылыстары басталады. Әлеуметтік нысандар бойынша Жетібай ауылындағы 200 орындық балабақша, Сенек ауылындағы 150 орындық спорт кешені салынады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Облыста «Туған жер» бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер, тұрғындар туған ауылына барынша көмектесіп, көркейту жұмыстарына белсенді араласуда. Осындай игі шараға аудан тұрғындары да өз үлесін қосады деп сенемін. Қарақия ауданы халқы - өзінің берік достығымен, тату-бірлігімен күшті. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осындай бай мұрамыз халқымыздың тірлігіне - қуат, өміріне - нәр беруде», - деді.

Соңғы жаңалықтар