Маңғыстауда командирдің бұрынғы орынбасарына үкім шығарылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау гарнизоны әскери сотында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұрынғы орынбасары Сабыр Каюмовқа қатысты үкім шығарылды. Ол ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Жоғары әскери шенді әскери қызметкерді бірнеше жыл бұрын болған іске байланысты соттады. Ол кезде полковник Сабыр Каюмов ҚР ҚМ «25744 әскери бөлімі» РММ командирі болған. Ол өзінің қызметін қолдана отырып, ірі көлемде қаржы жымқырған. Полковникті «Алаяқтық» бабы бойынша айыптады.

«Соттың үкіміне сәйкес, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұрынғы орынбасары Сабыр Каюмов ҚР ҚК 190-бабы бойынша айыпты деп танылды. Оның жеке мүлкі тәркіленіп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді және «полковник» әскери атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді Ақтау гарнизоны әскери соты баспасөз қызметінің өкілі Жанаргүл Қолғанат.

Сот ісіне Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Марат Алдабергенов төрағалық етті.

Соңғы жаңалықтар